«ТОЙ ДУМАН» шекілдеуігі — әр күнің той болсын!
Таңдаулы шекілдеуіктер
Тек 38+ калибрлі ірі дәндер.
Мұқият тазарту
Шекілдеуіктер түрлі өлшемді електер, тас айырғы мен магниттік бағандардан өтеді.
Сапалы қуыру
Дәндер ыстық ауа, ағынында өңделіп, шекілдеуік біркелкі қуырылып, құрамындағы барлық пайдалы заттарды сақтайды.
Герметикалық қаптама
Өнім оттексіз ортада, бөгеуіл қабаты бар көпқабатты үлдірден жасалған қаптамада сенімді сақталады.

38+ калибрлі аса таңдаулы шекілдеуіктер ірі дәндерді ұсақ дәндерден іріктеу және түрлі өлшемді електер арқылы қоспалардан тазарту тәртібінен өтеді.

Шикізат тас айырғы және магниттік бағандардан өтеді. Осындай өңдеу тәсілінің арқасында біз еш қоқымсыз сапалы өнім шығарамыз.

«Той Думан» шекілдеуігі ыстық ауа, ағынында қуырылғандықтан, өнімдегі пайдалы заттарды сақталып, дәндер біркелкі болып қуырылып шығады. Бұл зиянды ингредиенттер мен технологиялар қолданылмағандағы ең экологиялық қуыру тәсілі.

«Той Думан» шекілдеуігі дайын дәндерді оттексіз ортаға қаптау арқылы пайдалы заттар мен жарқын дәмін сақтайды. Арнайы бөгеуіл қабаты бар көпқабатты үлдірден жасалған герметикалық қаптама шекілдеуіктерді зиянды факторлардың әсерінен сенімді қорғайды.

Білгенге маржан

Шекілдеуік майда еритін, А, Е және D дәрумендеріне, сондай-ақ В тобының дәрумендеріне бай.
А дәрумені көру қабілетін, терінің, шаштың және тырнақтың әдемілігін сақтайды.
50 г шекілдеуіктің құрамында Е дәруменінің тәуліктік қажетті мөлшері бар.
D дәрумені сүйектің өсіп дамуына, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге қажет.
Шекілдеуіктегі D дәруменінің мөлшері нәлім балығының бауыр майындағы мөлшерден асады.

Жүректің жұмысына қажетті магнийдің шекілдеуіктегі мөлшері қарабидай ұнынан пісірілген нандағы мөлшерден көп. Калий мөлшері банандар мен апельсиндерге қарағанда 5 есе артық. Сондай-ақ, шекілдеуіктің құрамында шашты күшейтетін және жылтырататын мырыш мөлшері-де көп.

Шекілдеуік бұлшықет жүйесін нығайтатындықтан, спортшылар мен ауыр еңбекпен айналысатын адамдарға өте пайдалы. 100 г шекілдеуік құрамында 367 мг кальций бар; бұл сүзбеде, майлы емес сүтте, майлы емес айранда және қышқыл сүт өнімдерінде қамтылған кальций мөлшерінен артық.

Күніне 100 г шекілдеуік шағудың арқасында жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларының алдын алуға болады. Шекілдеуікте қан тамырларының қабырғаларын икемді ететін заттар жиынтығы, атап айтқанда, линоль қышқылы, амин қышқылдары, ақуыздар қамтылған.

70 грамм
130 грамм
240 грамм
330 грамм
Медиа
Асель Садвакасова
«Той Думан» шекілдеуіктері
жүктеу
Ерке Есмахан
«Той Думан» шекілдеуіктері
жүктеу
Диета КЗ тобы
«Той Думан» шекілдеуіктері
жүктеу
Бүркіт пен Аиша
«Той Думан» шекілдеуіктері
жүктеу